Абай 1. 2000 г.

shot

"АБАЙ" - әдеби журнал. Семейде 1918 жылы ақпан-қазан айларында алашордашыл қазақ жастарының ұйымдастыруымен шығып тұрды. Журналды шығаруды қолға алып, алғаш редакторы болған Ж.Аймауытов, журнал жұмысына М.Әуезов белсене атсалысты.
Журнал Абай шығармаларын насихаттап, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, өнері мен тарихы туралы мәселелерді көтерді. "Абай" журналы Семей қаласында 1992 жылдан қайта шыға бастады.